"Ар-Аудит" ЖШС-гі аудиторлық ұйымы 1999 жылдың 2 қарашасында құрылды және 1999 жылдың 27 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі берген №0000020 нөмерлі лицензиясы негізінде өз қызметін ҚР-ң барлық территориясында шектеусіз мерзімде жүргізу құқығы арқылы іске асырады.
"Ар-Аудит" ЖШС-гі Қазақстан Республикасы Аудиторлар палатасы Кәсіби аудиторлық ұйымының ассоциациаланған мүшесі және Bond Partners(Bond Group LLP, Лондон) аудиторлық желінің, INPACT International (Лондон) халықаралық бухгалтерлік желінің, INPACT AUDIT (АҚШ)аудиторлық желінің, Қазақстанның Салық төлеу Ассоциациясының мүшелері болып табылады.
Мамандардың кәсіптік біліктілігінің және клиенттердің сенімі арқасында аудиторлық ұйым қызметі бір аумақпен шектелмейді. "Ар-Аудит" ЖШС-ң филиалдары Қарағанды, Павлодар, Семей, Өскемен, Екібастұз, Минск қалаларында тіркелген. Орталық офисі Астана қаласында орналасқан.
Аудиторлық ұйымның негізгі құрамы біліктік куәлігі бар 7 аудитордан және САР, СІРА, DipIFR ACCA сертификаттары бар 10 сертификациаланған бухгалтерден жасақталған.
Құрамда аудит және консалтинг қызмет көрсету саласында көпжылғы өтілі және жеткілікті тәжірибесі бар білікті мамандар жұмыс істейді. Барлық қызметкерлердің қаржылық есеп бойынша халықаралық стандартқа сай сертификаттары бар.
Сапаны сыртқы бақылаудың нәтижесі бойынша "Ар-Аудит" ЖШС-гі өз қызметін Аудиттің халықаралық стандарты талабына және кәсіби бухгалтерлер Кодексіне сай жүргізіп жатқанын дәлелдеді.(2009 жылдың 4 қыркүйегіндегі №614-қорытынды).
"Эксперт РА Казахстан" Рейтинг агенттігінің өткізілген рейтинг нәтижесінде "Ар-Аудит" ЖШС-і 8 орынға иеленіп 2009-2010 жылдарының қорытындысы бойынша Қазақстанның жүргізуші аудиторлық ұйым ретінде тізімге кірді.
"Ар-Аудит" ЖШС-нің аудиторлық әрекетінің кәсіптік жауапкершілігі Қазақстан Республикасының қазіргі заң талаптарына сай сақтандырылған.
"Қазақстанның қор биржасы" АҚ-ның мойындауымен, "Ар-Аудит" ЖШС-ы аудиторлық ұйымының тізімінде тіркелген.
"Ар-Аудит" ЖШС-гі он екі жылғы аудиторлық қызметі барысында бай тәжірибе жинақтады, қазақстандық экономиканың барлық өрісінде өз қызметтерін іске асырып жүрген кіші, орта және ірі бизнес өкілдері болып табылатын өз клиенттерінің басымдылығын қамтамасыз етуді тиімді пайдалана білді.
Аудиторлық және ілеспелі қызметтің негізгі түрлері:
• Қаржылық есептің дұрыстығы (міндетті және ынталы).
• Арнайы тағайындалғын аудит, шолу және аудиторлық тұрғыдағы келісілген процедуралар.
• Салықтық есеп аудиті.
• Қаржылық-шаруашылық қызметтің кейбір аспектілеріне аудиторлық тексеру.
• Есептілікті дайындау және тапсыруды қоса бухгалтерлік алып жүру.
• Бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есепті қалпына келтіру.
• Салық салу және бухгалтерлік есеп жүргізу мәселесі бойынша кеңес беру.
• Құжатайналым технологиясын істеуді қоса бухгалтерлік бөлімшелер жұмысы процесін ұйымдастыру және әдістемелік ұсыныстар беру.
• Табиғи монополия субъектілеріне қаржылық экспертиза жасау.
• Мүмкіндігі бар инвестор үшін кәсіпорын жағдайына анализ, қаржылық анализ жасау.
• Қаржылық есеп бойынша халықаралық және ұлттық стандартқа сай есеп жүргізу саясатын іске асыру, әзірлеме жасау, консалтингтік және басқа да ілеспелі аудит қызметі.
БІЗБЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТА БОЛУ – ОЛ БУХГАЛТЕРЛІК, САЛЫҚТЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ ТӘРТІП. САПАЛЫ АУДИТ – ОЛ СІЗДІҢ ТЫНЫШТЫҒЫҢЫЗ.
|


www.audit.kz

www.buhgalter.kz

www.uchet.kz

www.3klik.kz

Bond Partners LLP

Inpact International

|